Тарихтан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес, қазіргі Жетісу облысына қарасты Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған және Текелі қалалары Алматы облысының құрамынан бөлініп шықты. Облыстардың бөлінуіне байланысты облыс орталықтарымен қатар облыстық соттарды құру басты мәселе болып табылады. Осы орайда, Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 9 тамыздағы №973 Жарлығына сәйкес Жетісу облыстық соты құрылып, өз қызметін бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйегіндегі №1009 Жарлығымен Жетісу облыстық сотының төрағасы лауазымына Ержан Әбдірақымұлы Кененбаев тағайындалды.