Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ АУЫР ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ҚАТАЛ

07/12/2023

№3398-23-00-1/24

Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының адам өлтіру (ҚК-ның 99-б. 2-б., 7), 8) т.т.), алдын-ала сөз байласуымен атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, алып жүру және тасымалдау (ҚК-ның 287-б. 4-б.), бөтеннің малын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-ның 188-1-б. 3-б. 2-т.).

Сотпен анықталғанындай, 2016 жылы К. колледжде оқи жүріп бейтаныс адамнан қос ұңғылы шолақ мылтықты оқтарымен сатып алып, Сарқан ауданындағы тұрғын үйінің есік алдына тығып қойған.

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

05/12/2023

Бүгін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әбілсейіт Түлкиев мемлекеттік қызметтің қағидаттарын, мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды түсіндіру бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандармен кездесу өткізді.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА СОТ ПРАКТИКАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТАЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

01/12/2023

Кездесуге облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Әбділдин мен судья Диляра Избаирова, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) судьясы Гүлнар Бектұрғанова, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Айгүл Шынырбаева, облыс прокурорының орынбасары Серікқали Күшәлиев, «Біріккен кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Баниямин Файзулин, Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Владислав Павленко, Ләззат Қадырова және Нұрлыгүл Смайылова, сондай-ақ Талдықорған қаласының Тұрғын үй инспекциясының басшысы Айдос Жақыпбек қатысты.

Қарасора өсіргені үшін жаза

24/11/2023

№3320-23-00-1/30

Жетісу облысы Ақсу аудандық сотымен каннабисті заңсыз өсіру фактісі бойынша М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-ның 300-бабының 1-бөлігі).

Сот 2023 жылдың маусым айында сотталушы М. Алматы қаласындағы автовокзалдан 3 грамм қарасора тұқымын сатып алғанын анықтады. Бұдан соң Жетісу облысының Ақсу ауданындағы үйіне келіп, аталған есірткіні жеке пайдалану мақсатында сарай артындағы жер телімін қарасора тұқымын егу үшін өңдеген.

МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН КӨЛІК ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

23/11/2023

№3312-23-00-3/3358

Жетісу облысы Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен көлік құралын мас күйінде басқару фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабының 1-бөлігі).

Сотпен 2023 жылы 18 қарашада Талдықорған қаласындағы Жансүгіров көшесінде түнгі сағат 2 шамасында азаматша У. мас күйінде көлік құралын басқарғаны анықталды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды.

ЛУДОМАНИЯ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

23/11/2023

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Әбілсейіт Түлкиевтің төрағалығымен Департамент және аудандық соттар әкімшілері қызметкерлерінің қатысуымен лудомания тақырыбына арналған семинар өтті.

Іс шараға Жетісу облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бас маманы Жандос Әсембай қатысты.

ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

17/11/2023

Текелі қалалық сотында «Тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын тану туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Текелі қалалық сотының төрағасы Олег Анисимов пен судья Ермек Дүйсембаев, Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сержан Құрманбаев, Текелі қаласы прокурорының орынбасары Арман Қайыров, Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдері, адвокаттар мен заң консультациясының өкілдері қатысты.

Беттер