​«Мефедрон» өндірушілеріне қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№ 3398-23-00-1/19

Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігінің 1), 3), 5)-тармақтары).

Сотпен анықталғаны: 2022 жылғы желтоқсанда И. ақшалай сыйақы алу мақсатында сотқа дейінгі тергеумен анықталмаған О. тұлғасынан «мефедрон» психотроптық затын жасау туралы ұсыныс алған. «Телеграм» мессенджері арқылы О. лақап аты «Р» (адамның сотқа дейінгі тергеуінде анықталмаған) куратордан жеке тұрған тұрғын үй табуға және онда жасырын зертхана ұйымдастыруға нұсқау алды. Осы мақсатта куратордың ақшалай қаражатына И. және О. 2023 жылғы ақпанда Сарқан ауданында 19 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алып, оны И.-дің атына рәсімдеген. Куратордың нұсқауы бойынша олар сатып алынған үйге кіріп, оған жөндеу жұмыстарын жүргізіп, гараждардан жабдықтар әкелген.

2023 жылдың наурыз айының басында О.-ның шақыруы бойынша ақшалай сыйақы үшін А. қылмыстық топқа қосылған.

Жетпеген компоненттерді тасымалдау үшін О. Митсубиси Л400 автокөлігін сатып алып, А.-ның атына ресімдеген. Осы машинада И. және А. аппаратура, прекурсорларды сұйықтық және әртүрлі компоненттер түрінде әкелу үшін гараждардан тасымалдаған.

Таратылған қылмыстық рөлдерге сәйкес, О. мобильді қосымша арқылы мефедронның рецептін алып И. және А.-мен бірге меңгеру мен психотропты затты өндіруге кіріскен.

Жоғарыда аталған іс-қимылдардың нәтижесінде И., О. және А. ағымдағы жылдың сәуір айында 21 килограмнан астам мефедрон дайындаған.

Алынған затты одан әрі сату мақсатында О.-ның нұсқауы бойынша И. мен А. мефедронды полиэтилен пакеттерге орап, Черкасск-Сарқан-Көкөзек тас жолының бойында бетбелгілер жасаған.

Сотталушылардың кінәсі олардың мойындауларымен және іс бойынша жиналған дәлелдемелерімен расталады.

Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сот, іс бойынша кінәні жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып - кінәсін мойындауын, өкінуін және ауырлататын мән-жайлар болмауын ескере отырып, ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 1), 3), 5)-тармақтары бойынша И. мен А.-ны кінәлі деп танып, әрқайсысына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен анықталмаған тұлғаларға қатысты материалдарды жеке өндіріске бөлінген.

Қайнар: 
Жетісу облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі