Дс, 13/11/2023 - 17:59


«Сот кабинеті» сервисінің жаңа нұсқасында азаматтық және әкімшілік істер бойынша «Танысу» функционал-модулі іске қосылды.
Модуль қалай жұмыс істейді?
«Сот кабинетінде» авторизациядан кейін модуль қатысушы тараптарға істің материалдарымен (талап қоюлармен және басқа да құжаттармен) танысуға мүмкіндік береді.
Іс материалдарына түпкілікті шешім шығарылғанға дейін қол жеткізуге болады (сот ісін қараудың барлық уақытында).
Пайдаланушы сот талқылауына қатысушы ретінде болмаған жағдайда, қол жеткізу мүмкіндігі іс тарапының арызы бойынша сотқа беріледі.
Сот кабинетіне сілтеме - https://office.sud.kz/new/
Қайнар:
ҚР Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Ақпараттық технологиялар бөлімі