«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЕРІКТІЛЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жетісу облыстық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы бойынша жиын өтті. Кездесу модераторы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Булат Джукенов жиынға қатысушыларды «Baitak» жасылдар партиясының Жетісу облыстық филиалының төрғасы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасының мүшесі Амир Газалиевпен, сондай-ақ Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Иманхановпен, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Абдильдинмен, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бахытжан Шошикбаевпен, облыстық соттың судьясы Дархан Тоқбаевпен және Департамент басшылығымен таныстырып өтті.

         Аталған жоба Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен биылғы жылдың тамыз айында іске қосылғанын атап өту керек.

         Жобаның мақсаты – белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.

         Жиынның күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасымен, сондай-ақ оның негізгі қызметі мен атқаратын жұмыс бағыттарымен танысу және облыс соттарының аталған жоба еріктілерімен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау болды.

         Іс-шара барысында А. Газалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзінің ой-пікірімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

         Кездесу соңында облыстық соттың алқа төрағалары мен Департамент басшылығы айтылған ойлар мен жоспарларды қолдайтынын алға тартып, өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Қайнар: 
Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі