жм, 17/11/2023 - 17:03


Жетісу облыстық сотында тұрғын үй даулары мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Абдильдин және судьялар - Диляра Избаирова, Ақмарал Теміралиева, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі – МАӘС) төрағасы Амангелді Нұржанов және судьялар Гүлнар Бектұрғанова, Бахыт Тұранова, Жетісу облысы әкімі аппаратының бас инспекторы – Айгүл Шынырбаева, Талдықорған қаласының әкімі аппаратының басшысы Жеңіс Андабеков, Талдықорған қаласы Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Айдос Жақыпбек қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тұрғын үй даулары бойынша келесідей мәселелер талқыланды:
1. Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйге құжаттар беруден бас тарту жөніндегі шешімдерін даулау және іс жүзінде орналасқан тұрғын үйге жалдау шартын жасасу міндеттеу туралы.
2. ЖАО-мен тұрғын үй беру жөніндегі арызды тұрғын үй комиссиясына беруден бас тартуын даулау жөнінде.
3. Тұрғын үй заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша ЖАО-мен кезектен шығару және оны қалпына келтіру жөніндегі іс-әрекеттерін даулау туралы.
Облыстық соттың және МАӘС судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері жоғарыда аталған даулы мәселелерге өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ дөңгелек үстел қатысушылары ЖАО-ның тұрғын үй заңнамасы мен Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзуына жол бермеу турасында қадап айтты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен ЖАО-ға талдықорған қалалық әкімдігі жанында,ы тұрғын үй комиссиясымен арызданушылардың берген құжаттарын жан-жақты және объективті түрде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң нормаларын және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып қарастыруды ұсынды.