
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағалары мен судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос орындарына орналасу үшін 2023 жылдың 18 шілдесінде конкурс жариялады.
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, жұмыс орны немесе тұрғылықты мекен-жайы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының (жұмыс істейтін және судья лауазымына қайта үміткерлер үшін) және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындыларын алу қажет.
Аудандық соттың төрағасы мен судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Облыстық соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Осыған орай, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағалары мен судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары лауазымдарына конкурсқа қатысушы кандидаттар үшін 2023 жылдың 10 тамызы сағат 10:00-де Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және 11 тамызы сағат 10:00-де Жетісу облыстық сотының жалпы отырыстары болатынын хабарлаймыз.
№ |
Тегі, аты-жөні |
1 |
Журханов Айдын Елемесович |
2 |
Нуржанов Амангельды Ахметович |
3 |
Алдабергенов Айдын Сайлаубекович |
4 |
Жукенов Марат Арынович |
5 |
Алдабергенова Эльмира Сатыбалдиевна |
6 |
Егеубеков Ермек Ерубекович |
7 |
Мамутова Майкуль Имангалиевна |
8 |
Досанов Абдулла Манапович |
9 |
Бакытов Адлет Бакытович |
10 |
Омаров Ертис Атымтаевич |
11 |
Омарова Маржан Каримовна |
Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың жоғарылауына байланысты, жұртшылықтың өз пікірлерін білдіруге болатындығы хабарланады.
Келтірілген пікірлерді Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 53 А, мекен-жайы бойынша Жетісу облыстық сотына 0201@sud.kz электронды поштасына жолдауға болады.