Жаңалықтар

ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРДІ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

03/05/2024

Жетісу облыстық сотында Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіннің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен аудандық соттар әкімшілерінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарын сақтау мәселесіне қатысты семинар өтті.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

30/04/2024

Бүгін Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаевтың төрағалығымен облыстық соттың жалпы отырысы өткізілді.

Салтанатты рәсімде облыстық соттың сот алқа төрағалары мен судьялар корпусы, сондай-ақ ҚР Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысты.

​Облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев судьялар корпусына Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №523 Жарлығымен Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының судьясы болып тағайындалған Алмас Бекбосыновты таныстырды.

Полиция басқармасының бұрынғы бастығы зорлау жасағаны үшін сотталды

30/04/2024

Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында К.-ге қатысты адамның қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 120-бабының 2-бөлігі 5-тармағы).

Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада К. Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.

ОБЛЫС СОТТАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

29/04/2024

Жетісу облыстық сотында облыс соттарындағы іс жүргізудегі мемлекеттік тілдің үлесін және сапасын арттыру мәселесіне арналған семинар өткізілді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары Әбілсейіт Түлкиев, Талдықорған қалалық сотының судьясы Әлібек Әбдіхаев, соондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

29/04/2024

Өткен сәрсенбіде облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаевтың төрағалығымен кеңейтілген жалпы отырыс өткізілді.Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Біріншісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген отырысының құрамына облыс соттарының екі судьясын жіберу.

Екінші мәселе – Жетісу облысының аудандық соттары төрағаларының лауазымдарына іріктеуге тілек білдірген үміткерлерді сайлау.

1-ТОҚСАНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

26/04/2024

Жетісу облыстық сотында облыстық сот төрағасының қатысуымен 2024 жылғы 1-тоқсандағы сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері жөніндегі қорытынды кеңес өтті.

Іс-шараға облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Кеңесте Жетісу облыстық сотының сот алқаларының төрағалары Айдын Жүрханов, Бақытжан Шошықбаев және Ерлан Әбділдин 2024 жылғы 1-тоқсанда істердің келіп түсу динамикасы турасында (2023 жылғы сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда) келесіні хабарлады:

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БІРІНШІ ТОҚСАНДАҒЫ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

25/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстарға Департамент басшысы Булат Джукеновтың, басшының орынбасарлары Әбілсейіт Түлкиев пен Динара Еркінбектің, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметшілерінің, сондай-ақ бірінші саты соттары әкімшілері басшыларының қатысуымен қорытынды шығарды.

Атқарылған жұмыстар турасында бірінші кезекте Әбілсейіт Түлкиев баяндама жасады.     

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМАЛАРДЫ СОТҚА ТАПСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

25/04/2024

Өткен жұмада Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бастамасымен бірінші сатының соттарына ішкі істер органдарынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың қағаз форматта келіп, сот өндірісіне қабылдау мәселесі бойынша жиын өтті.

Беттер