Жетісу облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Описание: C:\Users\719-0801\Desktop\Торага сурет.jpg

Ержан Әбдірақымұлы Кененбаев 1964 жылы 20 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет жолын 1992 жылы бастаған. 2007 жылға дейін Алматы қаласының прокуратура органдары мен түрлі мекемелерде заңгер болып істеген.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  Алматы облысы Панфилов аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалған.

2014 жылдан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін - Алматы қалалық сотының судьясы лауазымын атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйегіндегі №1009 Жарлығымен  Жетісу облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.