Ақпарат берудің негізгі аспектілері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жетісу облысының сотында "ақпарат берудің негізгі аспектілері" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды Жетісу облысы сотының баспасөз қызметінің басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров өткізді. Семинарға аудандық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілері мен БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жауапты мамандар қатысты.

Семинар барысында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша баспасөз релиздердің мысалдары талданды. Қатысушылардың назары БАҚ-тағы өзекті ақпараттың нысаны мен мазмұнына аударылды.

Спикер аудиторияның қойылған сұрақтарына жауап беріп, іс-шара соңында қатысушыларға көрсеткен белсенділігі үшін алғыс айтып, болашақта жемісті жұмыс атқаруға тілектестік білдірді.

Источник: 
Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі