Баспасөз релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үкімді жариялау алдындағы соңғы сөз сөйлеуі тиіс болған С. Күдебаев сот отырысына ауруына байланысты келмеді. Адвокаттар оның ауруханаға түскені туралы анықтама берді. 

 

Осыған байланысты сот отырыстары кейінге қалдырылды. 

Осы кезеңде С.Күдебаевқа қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

 

Сот 2023 жылғы 30 наурызда ҚПК-нің 157 және 355-баптарына сәйкес С.Күдебаевті 3 сәуірге сағат 10:00-ге жеткізу туралы қаулы шығарды. 

 

Қаулыны орындау кезінде прокурор С.Күдебаевтің елден кеткені туралы мәлімет берді.

 

Прокурордың өтінішхаты негізінде сотталушының басқа елдерге одан әрі көшуін болдырмау және оның орналасқан жерін анықтау мақсатында судья сотталушы С.Күдебаевті халықаралық іздестіруге жариялау және бұлтартпау шарасын "қамауда ұстауға"өзгерту туралы қаулы шығарды.

 

Бүгінгі күні ҚПК-нің 324-бабына сәйкес іздестіру жариялануына байланысты іс тоқтатылды. 

Іздестіруді қадағалауды жүзеге асыру үшін қылмыстық іс Жетісу облысының прокуратурасына жіберілді.

 

Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі