ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН АДАМГЕРШІЛІККЕ ҚАРСЫ АУЫР ҚЫЛМЫС

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№3346-24-00-1/21

Жетісу облысы Панфилов аудандық соты адамдар тобының алдын-ала сөз байланысуы бойынша жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК-ның 309-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы).

Сотпен анықталғаны:

Қазақ, орыс және қытай тілдерін жетік меңгерген ҚХР тумасы Ж. 2023 жылдың ақпан айында Панфилов ауданы Достық ауылындағы қонақ үй кешенінің басқарушысы болып Q.* есімді ҚХР азаматына жұмысқа тұрған.

Үш ай жұмыс өтілінен кейін Q. қазақ және орыс тілдерін білмейтіні себебінен және заңсыз табыс алу, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру және ұстау мақсатында өзінің қылмыстық жоспарын азаматша Ж.-мен бөліскен.

Бұл ұсынысқа Ж. өз келісімін берген және оған 1,2 миллион теңге сомасында ай сайынғы жалақы ұсынылған.

Адамдар тобының алдын-ала сөз байланысуына сәйкес Q.-де қонақ үй кешенін жалпы басқарудың міндеті болған, ол сондай-ақ қылмыстық іс-әрекетті жоспарлау және клиенттерді іздеумен айналысқан.

Өз кезегінде, Ж.клиенттер мен жезөкше қыздар арасында аудармашы рөлін атқарып, притондағы мінез-құлық ережелерін белгілеген, әйел адамдарды кейіннен жезөкшелікпен айналысу үшін іздеген.

Жекөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притонды ұйымдастыру, ұстау қылмыстық іс-әрекеті 2023 жылдың қазан айының соңына дейін жалғасқан.

Тараптар ұстанымы:

Прокурор Ж.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Адвокат азаматша Ж. өзінің кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін ескеріп, ҚК-нің 63-бабын қолданып, шартты жаза түрін тағайындауды сұрады.

Аталған баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сот шешімі:

Сот жасалған қылмыстың жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда Ж.-ның жасаған қылмысын мойындауы және жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, Ж.-ны ҚК-ның 309-бабының 2-бөлігінің 1)-тармағында көзделген қылмыстық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

* ҚХР азаматы Q.-ге қатысты қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлінді.

Источник: 
Жетісу облысы Панфилов аудандық сотының баспасөз қызметі