Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

*№3312-24-00-3/906*

*№3312-24-00-3/760*

Жетісу облысының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Талдықорған мамандырлыған ауданаралық соты қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу фактісі бойынша азамат Е. және Б. қатысты қос тұтас сызықты кесіп өту туралы (ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарады.

Сот 2024 жылғы 20 ақпанда сағат 03:00-де Талдықорған қаласыныда Е. және Б. азаматтары «Toyota Camry» маркалы автокөліктерін басқара отырып, І.Жансүгіров көшесімен батыс бағытта келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қос тұтас сызықты кесіп өткенін анықтады.

Сот отырысында құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәні мойындап, істеген әрекеттеріне өкініп, соттан әкімшілік айыппұл салуды сұрады.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның баламасы жоқ, осыған байланысты сот Е. және Б. азаматтарына қөлік құралдарын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Жетісу облысы Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі